Шымкенттегі жоғары оқу орындарының бірінде төтенше оқиға болды. 22 жас шамасындағы студент жігіт бесінші қабаттан секіріп кетті. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер зардап шегушіні жан сақтау бөліміне алып кеткенімен, өкінішке орай, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.
Марқұмның мұндай қайғылы қадамға баруының себебі анықталған жоқ. Әзірге расталмаған деректер бойынша студент жігіт оқуына байланысты қиындықтарға тап келген болуы мүмкін. Оқиғаға байланысты қандай да бір ақпарат болса хабардар етеміз.