Шымкенттің ескек есушілері Европа чемпионы атанды

393
Отандастарымыз алты алтын бір күміс және екі қола медальді жеңіп алды

Байдаркамен каноэда ескек есу бойынша еліміздің әйелдер командасы европамен Азияның епті спортшыларын артта қалдырды. Францияда өткен халықаралық турнирде отандастарымыз алты алтын бір күміс және екі қола медальді жеңіп алды.

Ұлттық құраманың сапында шымкенттің төрт спортшысы ептілігін сынға салды. Олардың ең жасы он үш жаста. Анастасия Альшанская мықты екенін дәлелдей біліп, жарыстың абсолютті чемпионы атанды. Ол 4 бірдей алтын медальді жеңіп алды.

Анстасия Альшанская, жарыстың абсолюттік чемпионы: «Жеңіске жету оңай болмағаны рас. Бастапқыда жүлделі боламын деп ойламаған да едім. Алайда, кейіннен жылдамдықты алып, бірінші болып жеттім.»

Дарья Гоначарова да жеңіс мтұғырына көтеріле білді. халықаралық дода барысында 18 жастағы спортшы екі алтын, бір күміс және екі қола медальға ие болды.

Ал бапкерлер болса шәкірттерінің жетістігіне дән риза. «Жылдар бойы еңбектеніп, бүгінде оның  жеңісін көрудеміз»- дейді олар қуанышын жасырмай.

Нәтижесінде франциядағы байрақты жарыста қазақстандықтар командалық есепте екінші орынға табан тіреді. Ал ресейліктер көш бастады. Алғашқы үштікті алаң қожайындары қорытындылады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=d8cp4krYT1k[/youtube]