Жекпе-жекке қазақтың камзолын киіп шыққан кәсіпқой боксшы қызға жұрт тәнті болды

4602

Шымкенттік кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас кезекті жеңісіне қол жеткізді. Стамбулда өткен кеште қазақтың камзолын киген спортшы рингке «Мен қазақпын» әнімен шықты.

Жас боксшы «Мен қазақпан» әні өзінің сүйікті туындысы екенін және кәсіпқой бокстағы әрбір кездесуіне осы музыкамен алаңға шығатынын алға тартты. Ол сәттің видеосын Ангелина Лукас өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Видеоны көрген оқырмандары оның патриоттығына тәнті болып, тек сәттілік тіледі.

«Міне, патриот. Камзолмен шықты. Рахмет, Ангелина. Жеңістен жеңіске жете бер»,  «Жарайсың, Ангелина. Қазақтың камзолымен шыққаның өте тамаша болды. Алға, Қазақстан», «Сенің жеңіске жететініңе күмәнім болмаған. Әрдайым жеңіс тілеймін», «Керемет», «Биіктерді бағындыра бер. Алла тіл-көзден сақтасын», «Күш-қайратың сарқылмасын», «Қандай тамаша», «Шап, қарындасым. Қолдаушың бір Алла болсын», «Патриотизм рухы сезіледі» деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, Ангелина Лукас Стамбулда өткен бокс кешінде жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу үшін мексикалық спортшы Ана Аррасоламен жұдырықтасты. Төрешілер шешімімен қазақстандық боксшы басым түсіп, WBC International тұжырымы бойынша титулды жеңіп алды.

Бұл Ангелина Лукастың кәсіби рингтегі төртінші жекпе-жегі және 4-ші жеңісі.