Назар аударыңыздар! Шымкент қаласындағы Төреқұлов көшесінен 93 жастағы адасқан қария табылды. Шаршаған болу керек, жолдың шетіне жанбастап жатып алыпты. Алғашында өтіп бара жатқан қала тұғындары үрке қараса, кейіннен қарияның тап таза киімінен оның жәй жүрмегенін байқап, қарияның жағдайын сұрай бастады.
Өзінің толық есімін білмеген қария: «Мен Жетісай қаласынан келдім. Ұлы Отан Соғысының ардагерімін. Зейнеткермін, кемпірім қайтыс болып кеткен. Келінімнің қолында тұрамын. Қалаға қалай келгенімді білмеймін. Енді үйімді таппай жүрмін,»-дейді.
Егерде осы қария жайында қандайда бір ақпарат білсеңіз хабарласуларыңызды өтінеміз.