Терезеден секіріп кеткен әйел жарақат бөліміне ауыстырылды

202
психиатр мамандар «психоз» деген диагноз қойған

 

психиатр мамандар «психоз» деген диагноз қойған

Жаңа босанған ана терезеден секіріп кетті. Оқиғаоблыстық №2 перинатальдық орталықта таңғы сағат 7-де орын алған. Босанған әйел екінші қабаттан секіріп кеткен.

Оны бірден жансақтау бөліміне жеткізген еді. Келіншектің жамбас сүйегі шытынап кетіпті. 10 күн бұрын әйелге кесір тілігі арқылы ота жасалып, 37 жастағы әйел тұңғыш перзенті қыз баласын бауырына басқан екен.

Жаңа туған нәрестенің жағдайы жақсы, ал анасына. Қазір жас ана арнайы емдеуден өтуде.

Ділбар Азимова, Перинаталды орталықтың бас дәрігерінің орынбасары: «Науқас 4 психиатрдың қарауында болды. Арнайы терапиядан өткізіліп, анасымен бірге ауруханада болған еді. Бірақ, міне, суицидке барып отыр».

Ал бүгін науқас жедел жәрдем ауруханасының жарақат бөлімінде. Аман-есен туылған нәрестені әкесі үйіне алып кеткен.