Шымкентте қаржы полициясында жұмыс жасаймын деп адамдарды алдап жүрген азамат құрықталды. Ол қаржы полициясының шенінен бөлек жалған куәлік те жасап алған. Сондай-ақ, бұл азаматта бір емес екі жүргізу куәлігі бар болып шықты. Жүргізу куәлікке ол қаржы полициясының киім үлгісімен түскен.
8-ші тамыз күні Гагарин көшесінде ЖПБ-ның қызметкерлерімен рейдтік іс-шара барысында «мерседес» автокөлігі тоқтатылады.Тоқтатылған қара көліктегі жүргізуші өзін полиция мойоры қаржы полициясының қызметкері деп таныстырып, құжаттарын ұсынады.Осылайша ол жол сақшыларынан құтылмақ болған көрінеді. Бірақ, құқық қорғаушылар оның киім үлгісінде ішкі істер министірлігі, ал шені қаржы полициясынікі екенін байқап қойған.
Өзін өкімет өкілі ретінде таныстырған азаматты тәртіп сақшылар Абай аудандық ПБ-не жеткізеді. Бұл азаматтан көліктің тіркеу куәлігі, екі жүргізу куәлік, қаржы полциясының куәлігі және қаржы полцясының белгісі, сондай-ақ амиянынан 2 800 АҚШ доллары мен 7 мың теңгеден астам ақша тәркіленіп алынды. Өтірік полицейдің мәліметінше, ол 2000 жылдары оңтүстікте қызмет істеген.
Ұсталған Талғат есімді азамат құқық қорғау органының киім үлгісін қаладағы медициналық орталықтардың біріне кезексіз кіру үшін кигенін айтады.
Бұл өтірік полицейдің мінген көлігі де өзіне тисілі емес екені, сонымен қатар көлікте тағылып тұрған мемлекеттік нөмірдің жалған, яғни қолдан жасалғаны тағы анықталды. Куәгерлердің қатысуымен көлік толығымен тінтілді. Тінту барысында көліктің жүк салғышынан осы көлікке тиесілі нөмір табылды. Осы себептермен бұл азаматтың мініп келген көлігі ақылы айыптұраққа қойылды. Ал оның өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалған.
Бүгінде тергеу жұмыстары жалғасуда. 44 жасқа келіп өзін полиция қызметкері деп таныстырып жүрген бұл азамат уақытша қолхатпен босатылған.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=coaf-_fayxU[/youtube]