Шымкентке Олимпиада ойындарының бес дүркін чемпионы Нелли Ким келді

325
Нелли Ким Шым қалада

Шеберлігімен әлемді мойындатқан жерлесіміз бұл күндері АҚШ-та тұрады. Халықаралық гимнастика федерациясы әйелдер комитетінің президенті кіндік қаны тамған мекенге қайта оралуға дайын екенін айтты.

Алайда ол үшін отандастарымыз Нелли Кимді қызықтыра түсетіндей ұсыныс жасауы тиіс. Сонда ғана Олимпиада чемпиондарын тәрбиелеуде әйгілі маман қол ұшын береді. Ал бүгін Нелли Кимді қошеметпен қарсы алған жерлестері оған Шымкенттің құрметті азаматы атағын да берді. Бұл құрметке дән риза болған чемпион алдағы күндері жергілікті бапкерлермен кездесіп, спорттық мектептің жағдайымен де танысатынын айтты.

Еліміздегі спорттық гимнастикадағы негізгі проблема – кадр мәселесі болып тұр. Кезінде шетелге көшіп кеткен бапкерлерді қайтармай, бұл мәселе шешілмейтінін де Нелли Ким жасырмады. Сондай-ақ жаттықтырушылардың айлық жалақысын көтеріп, дайындық орындарын халықаралық сапаға сай ету қажет. Өйтпеген күнде Олимпиада чемпиондары былай тұрсын, әлемдік аренаның аулы алыстай түседі. Осы және өзге де спорттағы жаңалықтар жайында сенбі күні сағат 19-00 де Топжарған бағдарламасында кеңінен айтылады.