Мақталы көшесіндегі апат
Мақталы көшесіндегі апат

Қорғасын зауыты аймағындағы 500-ден астам үй ауызсусыз қалды. Газ құбырын алмастырып жатқан құрылысшылар асфальт жаңа төселген көшені қазып қана қоймай, су құбырын да зақымдаған.

«Су ресурстары-маркетингі» ЖШС-нің мамандары апатты 12 сағатта орнына келтірген. Миллиондаған теңгеге шығын келтірген газ саласының әрекетін бізде барып көрдік.

Газ құбырларын алмастыру жұмыстары басталғалы Қорғасын зауыты маңындағы тұрғындар проблемалардан көз ашпайтын болдық дейді. Неше күн сусыз отырғандарының есебінен де жаңылған. Ал мына апат сағат 4-тер шамасында орын алыпты.

Ұлжан Тәжібекова, Мақталы көшесінің тұрғыны: «Газовиктер келгелі жолымыз да бұзылды. Көлік қатынай алмайды. Енді келіп, су құбыры жарылып, ауызсусыз қалдық. Әркім келіп өз білгендерін істеп жатыр».

Бұл – газ құбырларын төсеп жатқан «Асар Строй Сервис» компаниясының алғашқы бүлігі емес. Газ жүйесін жаңартамыз деп жүрген мердігерлер осымен 7-8 көшені сусыз қалдырып отыр.

Су мамандары газ саласының жұмысшыларына жұмысты ортақ келісіммен жасау қажеттігін айта-айта аузымыз жауыр болды деп отыр. Ендігі мәселені олар сот арқылы шешуге бел буыпты. Ал осы арада бір апатты қалпына келтірмей жатып, келесі бір жерден газ құбыры жарылғаны анық болды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=dyzUSrhOzps[/youtube]