Құқық қорғау қызметкерлері міндетіне салғырт қарайды. «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында бүгін осындай пікір көп айтылды. Алаяқтық жайлаған қоғамды, атыс-шабыс жаулап барады деп ашынды шағымдана келгендер. Билік партиясы ұйымдастырған қоғамдық қабылдау бұл күні құқықбұзушылық тақырыбына арналды. Мықтыбай Жұмаділов сот шешімінің орындалмауы тақырыбын даулап келді. Алаяққа алданған келіншектің сенімді өкілі ретінде қатысып отырған ол, мәселені жиналғандарға түсіндіре алмай әлек. «Тетігін таба алмасаңдар, мен айтайын. Адам жылап-еңіреп келді ме, сот шешімін шығарды ма, енді одан өзге не керек!!!» деп ашуланады. 40 адамды алаяқтықпен алдап, құрбан етіп отырған сот шешімімен шыққан өтемақыны 2 жыл өтсе де төлемей келеді дейді.
Бұған ОҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары Серік Өтембаев қаржы полициясына келіп, істі қайта көтеруді ұсынды. Ресми жауап осындай. Бірақ ақсақалдың көңілі бұдан жадыраған жоқ.
Мәселем шешілмейді деді ме, қабылдауға жазылған 23 адамның 16-ы ғана келді бүгін. Азаматтардың жанайқайын тыңдап жүріп, қалада атыс-шабыстың саны үдеп бара жатқанын аңғардық. Айтылған мәселелерді заң саласының серкелері қоластындағы қызметкерлерге жаңа нұсқау беру арқылы шешілетінін хапбарлады. Есте сақтаңыз, келесі жұмада кезекті қабылдау әлеуметтік мәселелерге қатысты болады. Осы бастан қабылдауға жазылып, түйіні тарқамай жүрген проблемаңызға Билік партиясын араластырыңыз.