Аудан әкімі мен басқарма басшыларына 2 млн. теңгеден астам айыппұл салынды

фото inbusiness.kz

Шымкентте аудан әкіміне, басқарма басшыларына 2 млн. теңгеден астам айыппұл салынды. Қалалық прокуратура оларға қатысты мемлекеттік сатып алу занамаларын бұзу фактілерін анықтаған.

Өз міндеттемелерін тиісінше орындамаған жеткізушілерге қатысты мемлекеттік органдардың шара қолданбағаны белгілі болған. Қадағалау актісі бойынша лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Нақтырақ айтқанда, Еңбекші ауданының әкіміне, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысына, құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы және қалалық драма театрының бұрынғы басшысына қатысты хаттама толтырылып, айыппұл өндірілді. Оның ішінде ең қомақты сома – 3 987 000 теңге Еңбекші ауданының әкіміне салынған. Оның 1 млн. 993 мыңы өндірліді.

Жанерке Атықаева,Шымкент қаласы прокуратурасының 1-басқарма қызметкері: «Прокурорлық қадағалау актісі бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 7 лауазымды тұлғаға, оның ішінде Еңбекші ауданының әкіміне, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығына, құрылыс басқармасының бұрынғы бастығы, қалалық драма театрының бұрынғы басшысына қатысты ӘҚБтК 207-бабының 10-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы 47 хаттама толтырылып, мемлекет кірісіне 2 595 600 теңге көлемінде айыппұлдар өндірілді. Сонымен қатар, 30 өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы қадағалау актісі енгізілді».