Үй тонаушылары азаймай отыр

395
тонау
тонау

Шымкент қаласының полиция қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар күдікті ретінде Жамбыл облысының тұрғындарын құрықтады.

2012 жылғы 1 қазанда Әл-Фараби АІІБ-нің кезекші бөліміне 48 жастағы азаматша арызданып келген. Ол өз арызында белгісіз азамат оның үйіне кіріп, телевизор, видеоплеер және сонымен қатар, 100 мың теңгесін ұрлап кеткені туралы көрсеткен.

Полиция қызметкерлері жедел- іздестіру іс-шараларының кезінде күдікті ретінде 1989 және 1990 жылы туылған Жамбыл облысының және бір Шымкент қаласының жергілікті тұрғындарын құрықтады. Іс барысында ұсталғандардың басқа да 5 қылмысқа қатысы бар екенін анықтаған. Бұл қылмыстық топ ұрлық жасар алдын жоспар құрып, сол жоспар арқылы әрекет етіп отырған. Олар үйлердің қожайындары жоқ екенін бақылап, терезе арқылы үйлерге кіріп, бағалы заттарды алып кетіп отырған. Ұрланған заттарды сатып, одан тапқан ақшаларын өз қажеттіліктеріне жаратқан.

Қылмыскерлерді ұстау барысында айғақты зат ретінде, ұрланған заттардың бір бөліктері алынған. Жалпы жәбірленушілерге келтірілген шығын мөлшері шамамен 300 мың теңгені құраған Қазіргі уақытты ұсталған қылмыскерлердің басқада қылмысқа қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Осы жәйтке қатысты ҚР ҚК-нің 175 бабы « ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыскерлер қамауда. Тергеу жүргізілуде.