АҚТҚ індеті расталған балаға егу жасалған

363
ВИЧ позитивті балаларға вакцина салуға болмайды
ВИЧ позитивті балаларға вакцина салуға болмайды

Бүгінгі күнде Шымкентте ВИЧ позитивті 220 бала бар. 15 жасөспірім мен 60 сәбидің ауруы 4-ші кезеңіне жеткен. Ал қалғандары АРТ-терапия қабылдауда.

Ал осы арада Шымкентте ВИЧ инфекциясымен өмір сүретін бірқатар оқушылар мектепке бармады. Өйткені олардың бұл науқасынан хабардар болған жекеменшік гимназияның басшылары оқушыларды мектептен шығарып жіберген.

Ағзаның қорғаныш тапшылығы. Балалардың бұл диагнозы туберкулезге қарсы вакцина жасау кезінде мектеп медбикесіне белгілі болған.

Оқушылардың ата-аналары егуден бас тарту туралы өтінішті оқу жылы басында беріпті. Ал медбикелер дәрігерлік құпияны бұзып, бұл жәйтті директорға айтқан. Енді мектеп басшылығы ата-аналардан өз балаларын 10 күннің ішінде мектептен алып кетуін талап еткен.

Балғындардың ата-аналары әзірше түсінік берген жоқ. Ал оқушыларды оқу орыннан көргісі келмеген жекеменшік мектеп ұжымы түсіру тобына бұл мән-жайды түсіндіруден мүлдем бас тартты.

Вич індетін жұқтырғандарға туберкулезге қарсы арнайы егу жасауға болмайды. Ал күздің алғашқы айларында вакцина жасау барлық мектептерде жүргізілгені белгілі. Осындай білместіктен Тасай елдімекеніндегі Нұрпейісова атындағы орта мектепте де 8 жасар оқушыға манту жасалған.

«Балаларды СПИД дертінен қорғау» қорының президенті Жанетта Жазықбаеваның айтуынша, қоғамның көзқарасы өзгермейінше ВИЧ позитивті жұқтырғандарды шеттету орын ала береді. Қор мүшелері бұл келеңсіздікпен күресуді тоқтатпақ емес. Әзірге олар әкімдік пен прокуратураға шағымданды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=FqcXTo_7rJA[/youtube]