Туберкулезбен ауыратындарға, АИВ жұқтырғандарға әлеуметтік көмек беріледі

122

Шымкент қалалық жұмыспен қамту және  әлеуметтік қорғау басқармасының берген мәліметі бойынша, «Шымкент қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау, әлеуметтік көмек көрсету және оның мөлшерін белгілеу қағидасына» сәйкес, әлеуметтік маңызы бар ауру-туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдарға ақшалай төлем түріндегі әлеуметтік көмек ай сайын 5 АЕК мөлшерінде, яғни 14 585 теңге  төленеді.

Әлеуметтік көмек көрсету үшін  Шымкент қаласы емханаларының ай сайын ұсынатын бекітілген тізімі негіздеме болып табылады.

Сонымен қатар, 24 АЕК  мөлшеріндегі ай сайынғы ақшалай төлем түріндегі  әлеуметтік көмек медицина қызметкерлерінің және тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің кінәсінен жұқтырылған иммун тапшылығының синдромымен ауыратын және адамдағы иммундық жетіспеушілік вирусын /АИВ/ жұқтырған, сонымен қатар иммун тапшылығы вирусын жұқтырған  балалары бар отбасыларына, олардың денсаулығына келтірілген зиянның өтемақысы ретінде беріледі.

Шынар Оразова