Қазақстанда күзгі әскерге шақыру маусымы басталды. Қазір әскери комиссиялардың жұмыс істеп жатқанына екі апта болды. Биыл сарбаздар қатарына 14 мың жігіт іріктелініп алынады. Айта өтейік, биылдан бастап әскерге шақырылғандардың денсаулығы, білім деңгейімен қоса моральдық-психикалық тұрақтылығы да қатаң тексеріледі. Облыста осы уақытқа дейін 350 жас жігіттер іріктеліп алынып, әскерге жөнелтілуге дайын тұр.
Әбіш Тілеухан, әскерге шақырылушы: «Әрбіз азамат Отан алдындағы борышын өтеуге міндетті. Мен де елімнің тыныштығы мен отбасымның амандығы үшін әскерге кетіп барамын. Тексеруден өту қиын болды. Биыл дін туралы түсінігімізді де сараптады. Психикалық тексеруден де өттік».
Әскерге қабылдау жұмысы желтоқсанға дейін жалғасады. Жыл соңына дейін 2000 жігіт әскер қатарына алынады деп күтілуде.