Қалалық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің арнайы тағайындаған «Алтын жүрек» номинациясына қала әкімінің орынбасары Бахадыр Нарымбетов ие болды.
Бахыдыр Нарымбетов, қала әкімінің орынбасары:»Бұл номинация мен үшін күтпеген жағдай болды. Шынымды айтсам қуаныштымын. Десе де, менен де лайықты азаматтар деп ойлаймын. Қалада әлеуметтік саланы басқарып отырғаннан кейін осы номинацияны ұсынып отырған шығар. Мойындау керек, бұл бір адамның қолынан келетін тірлік емес. Бұл әрбір әлеуметтік сала қызметкерінің сапалы жұмысының арқасы деп ойлаймын».
Шымкенттік әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Ардагерлер мен жалғыз ізгілікті аға буын өкілдеріне, әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға ұдайы қамқорлық танытып келетін қызметкерлер қала әкімінің марапатына ие болды. Уақытпен санаспай өзгенің қамын жеп, қуанышына ортақтасып, қайғысын бөлісіп аянбай қызмет етіп, осы салада 20 жылдан аса еңбек еткен азаматтардың иығына шапан жапты.
Сапарғали Ахылбеков, Шымкент қалалық үйде әлеуметтік қызмет көрсету мемлекеттік мекемесінің бастығы: «Мен осы салада жиырмай жылдай еңбек еттім. Көзге көрінбейтін, жұрт бағаламайтын еңбегімізді Елбасы ескеріп, былтыр қазан айының ең соңғы жексенбісін кәсіби мереке ретінде белгілеп берді. Биыл тұңғыш рет мерекемізді атап өтіп, марқайып жатырмыз».