үйдің іргетасы күшейтіліп, жер төлесі де жобалық сметалық құжатқа сәйкес жөнделді

Шымкентте сейсмикалық жағынан күшейтуді қажет ететін көпқабатты 13 үйдің 8-і Еңбекші ауданында орналасқан. Солардың бірі – Шоқан Уәлиханов көшесіндегі № 200 үйдің іргесі  бетондалып, қабырғалардағы сызаттар мен жертөлесі толық жөнделді. Енді тұрғындар алаңсыз тұра берсе болады дейді мамандар.

Любовь Бондарь үрейіміз сейілді деп қуанышымен бөлісті. Құрылысшылар   зейнеткердің асхана бөлмесіндегі қабырғалардағы сызатты  сылақпен бітеп, сөгіліп кетпес үшін темір конструкцияларды  орнатыпты. Апатты танылған  мына үйдегі  подьездде  де тіреушітер қойылыпты.

үйдің іргетасы күшейтіліп, жер төлесі де жобалық сметалық құжатқа сәйкес жөнделді

Нұрлан Бектұр, үй комитетінің төрағасы: «Өзім құрылыстан хабарым бар. Сондықтан, құрылыстың барысын қадағаладым. Шатыр жабылғанда да , жер төлесінде бетондау жұмыстары болғанда да құрылысшылармен болдым. Құрылыс талаптарына сәйкес жұмыс жүргізді. Екі жылға кепілдік  беріп отыр мердігерлер, ақау орын алса жөндейміз».

Сәуірде бастауын алған құрылыс барысында үйдің іргетасы күшейтіліп, жер төлесі де жобалық сметалық құжатқа сәйкес жөнделді.

Данияр Бекманов, мердігер: «Үйдің жер төлесіне су толып, іргетасына зақым келтірілген. Ақаулар орын алған жерді жөндеп, тас төсеп бетондадық. Смета бойынша жер асты суларын жинайтын орынды да қарастырдық. Су жиналса ол сорғышпен жоғарыға шығарылады».

Шымкент қаласында сейсмикалық қауіпті – апатты деп танылған 13 үйдің 8-і Еңбекші ауданында орналасқан. Биыл олардың 3-  18-шағын ауданындағы №12, 63 а және Уәлиханов көшесіндегі 200 үйлері күрделі жөндеуден өткізілді.

Александр Малахов, Еңбекші ауданы әкімдігінің бөлім бастығы: «Келісім шарт бойынша мердігер компания жүргізілген құрылыс жұмыстарына 2 жыл кепілдік береді. Осы мерзімде егерде ақаулар орын алса, оны мекеме өз есебінен ретке келітерід. Тұрғындардан шағымдар болса, біз олар бойынша жұмыс істеп, қадағалауымызда болады.

Аудандағы қалған апатты 5 үй келер жылы күрделі жөндеуден өтеді. Құрылысқа тапсырыс беруші қалалық әкімдіктің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=-qV_Z2GrXws[/youtube]