Күзгі-қысқы киімдеріңізді жаңартуға «Дефилеге» келіңіз

1015
Дефиле дүкенінде жаңа түсім

 

«Дефиле» дүкенінде жаңа түсім

Қонаев даңғылында орналасқан «Дефиле» дүкені 2013 жылдың күз-қыс маусымына арналған киімдердің жаңа жиынтығын ұсынды. Ұйымдастырылған шараға қонақтар аз келген жоқ. Дүкен қызметкерлері тұрақты сатып алушыларына сыйлықтар таратып, жеңілдіктер ұсынды. Жаңа киімдерді тілшіміз көріп қайтқан болатын.

«Дефиле» дүкенінде киімдердің 2013 жылғы күз-қыс топтамасы ұсынылды. Стильді әрі сәнді, жаңа киімдер көздің жауын алады. Мұнда жауынды күз бен аязды қысқа арналған аяқ киімдер мен киімдердің 30 түрі бар.

Диляфруз Тұрдиева, «Дефиле»дүкенінің директоры: «Қаламыздың нәзік жандыларын 2013 жылдың қысқы күзгі жаңа топтамасын ұсынып отырмыз. Преспектива, Роман мен БГН эксклюзивті маркаларының коллекциялары бар. Бұған Еуропа әйелдерінің басым бөлігінің көңілі толады. Әрі өзіндік кейпіңізді ерекшелеу үшін көмек көрсетеміз».

Регина Шерметова да сандығын толтырып, күзгі киім алуға дүкенге келді. Дефиленің тұрақты сатып алушысы болы табылатын келіншек әрдайым осында келіп киінеді екен. Жаңа тауарлар түсімі туралы естіген ол ойланбастан сүйікті дүкеніне жол тартқан.

Шерметова Регина: «Мен «Дефиленің» тұрақты клиентімін. Дүкеннің жаңа топтамалары көңілімнен шықты. Сатушыларының қызмет көрсетуі де тамаша».

Күзгі-қысқы сән үлгілері

Бұл күні сатып алушыларға ерекше сый да жасалды. Әрбір клиентке купон таратылып, ал кеш соңында 20,30,40 мың теңгенің сертификаттары ойнатылды. Осы тұста Сабина Асханованың жолы болды.

Асханова Сабина: » «Дефиле» дүкенінің тұрақты сатып алушысымын. Сертификат ұтып алғаныма қуаныштымын. Енді бүгін міндетті түрде ұнаған затымды сатып алатын болдым».

Әлемдік дизайнерлер күздік әрі қыстық киімдер топтамасының жылы ғана емес сәнді болуын да ойластырыпты. Олай болса, сіз де түстері үйлескен биылғы жылдың жаңа топтамасын Дефиледен сатып алып, киім-кешегіңізді жаңарта аласыз.

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=vODv3A1CUlU[/youtube]