«Мадлен» кофейня желісіне 15 жыл

230
"Мадлен" кофейнясына 15 жыл

Осы уақыттың ішінде Қазақстанда танымал болып үлгерген. Алғашқы кезде күніне төрт кесе кофе сатылса, бүгінде оның саны жүз еселеп артқан. Өздерінің мерейтойларына келген әрбір қонақты мадлендіктер сыйлықсыз қайтармауға тырысты. Өйткені, осы келушілердің арқасында бұл орын өніп-өсіп отыр.

«Мадлен» кофейнясына 15 жыл

15 жылдық мерейтойдың басты жаңалығы — Франция мен Түркияға демалуға берілетін жолдама. Таңғы асын осында ішіп, арнайы сауалнаманы толтырған қонақтардың арасынан жолы болғандар анықталды.

Виктория Эфендиева, Түркияға жолдама иесі: «Бүгін ғажаптың бар екеніне сендім. Кім ойлаған жолдама жеңіп аламын деп. Міне, бағым жанды».

Ал Францияға берілетін жолдаманы осында немересін ерте келген Гүлмира Оспанова жеңіп алды. Күнделікті осында келіп, таңғы және түскі асын, кейде кешкі асын да ішіп жүрген қонақ бүгін де сүйікті орнынан табылды.

 Гүлмира Оспанова: «Біз немереміз екеуміз мұнда жиі келеміз. Бүгін, міне, жолдама жеңіп алдым, Мадленге рахмет».

15 жылдан бері шымкенттіктерді қуантып жүрген «Мадлен» бүгін де келген қонақтардың талғамына сай сусындар мен түрлі тағамдарды ұсынды. Ал тәтті бауырсақтардың дәмі жерлестеріміздің есінде көпке дейін қалары сөзсіз.

Сусыннан дәм татып, би мен әнге тәнті болған қонақтар кеш соңында арнайы шоудың да куәсі болды. Туылған күнімен құттықтап, Мадленге заман ағысынан қалмауды тілеген шымкенттіктердің көңілдері көтеріліп, бір шаттанып қалды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=D3g5RAYVRpU[/youtube]