Мал шаруашылығының түйткілдері

277
Шымкентте халықаралық конференция өтті
Шымкентте ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Қазақстандағы түйе және қаракөл шаруашылығы мен қуаңшылық аймақтағы мал азығын өндірудің селекциялық-технологиялық дамуы. Шымкентте осы тақырыпта халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысын бастады. Пленарлық мәжілісте ғалымдар мен сала мамандары мал шаруашылығының дамуы жайында пікір алмасуда.

Бүгінде мал шаруашылығын дамытуға үкімет тарапынан қомақты қаражат бөлінуде, алайда сала Кеңес Одағы кезеңіндегі деңгейге жете алмай отыр. Тоқырау заманында қаракөл шаруашылығы өзінің даму қарқынын жоғалта бастады. Сол кездің өзінде қаракөлдің басы 6 млн ға жетіп, өнімі 2,5 млн дана артқан еді.

Қаракөл шаруашылығын қайта жандандыру бойынша бүгінде ғалымдар өз зерттеулерін жалғастыруда. Олардың мәлімдеуінше бұл маңызды ұзақ мерзімді жобаны жүзеге асыру үшін үкімет тарапынан қомақты қаржылай қолдау қажет.

Соңғы жылдары шаруа қожалықтары малдың өнімділігін арттыру бағытында ғылыми жетістіктерді кеңінен пайдалануда. Бұл заман талабы. Ғалымдардың мәлімдеуінше малдың басын көбейтуде жайылым жердің жеткілікті қорының болуы, шаруашылықта озық технологияларды ұтымды пайдалану- үлесі орасан.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=E8XDaGJjKRw[/youtube]