«Малды асылдандыру жұмысында асыл тұқымды төлдерге баса назар аудару қажет»,- дейді профессор Қабыл Исабеков. Маман мал табындарын ұдайы өсіруді ұйымдастыру, ірі қара етінің әлеуетін дамыту бойынша әлемде, Қазақстанда пайдаланылып жатқан технологиялар жайлы айтып беруде. Шаруалар да белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып жатты.
Жәнібек Сембек, Шардара ауданындағы шаруа қожалығының өкілі: «Мәскеудегі Москалевск зауытынан асылтұқымды мал сатып алдым. Мал шаруашылығымен айналысады деген статусты қалай аламыз. Ол үшін не керек?»
Қабыл Исабеков, профессор: «Ондай статус берілмейді. Мемлекет тарапынан қаржылай көмек малды асылдандыру бағытында жұмыс істейтін шаруашылықтарға қарастырылған».
Семинардың тәжірибелік бөлімінде фермерлер малды ұрықтандыру технологиясы, малдың жұқпалы ауруларына қарсы жүргізілетін ветеринарлық іс-шаралармен танысып қана қоймай, қауіпті дерттердің алдын алу бойынша дәріс алды.
Қабыл Исабеков, «ҚазАгромаркетинг»АҚ мал шаруашылығындағы консалтинг департаментінің директоры, профессор: «Былтырдан бастап «Етті ірі қара мал шаруашылығымен айналысу» жобасын жүзеге асыру бағытында семинарлар ұйымдастырып жатырмыз. ОҚО-да 11-ші семинар өтуде. Келесі семинар Қызылорда облысында өткізіледі».
Нұрлан Есіркепов, «ҚазАгромаркетинг»АҚ ОҚО филиалының бас маркетологы: «Біздің облыста малды асылдандыру бойынша жұмысты жолға қою керек. Сейдуалы шаруа қожалығы малды асылдандыру бойынша, тәжірибесі құптарлық іс. Қостанайдан алып келінген әулиеата тұқымы төзімді, тез ет алады».
Қазығұрт ауданындағы Сейдуалы шаруа қожалығында өткен семинар қорытындыланып, қатысушыларға «Етті ірі қара мал шаруашылығмен айналысу» тақырыбында толық курстан өткені жайлы сертификат табыс етілді. Осындай семинар енді Сайрам ауданында өтеді.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=jfRmTN4ixJ8[/youtube]