Өңіріміздің 80 жылдығы аясында ұйымдастырылған баспасөз-туры барысында тілшілер облыстық ішкі саясат және жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жұмыстарымен танысты. Қос басқарманың 9 айдың ішінде атқарған жұмыстары туралы білдік.
Облыс аумағында 925 қоғамдық, үкіметтік емес және партиялық ұйым болса, жастар саясатын жүзеге асыруда 381 млн. теңге қазынадан бөлінген. Облыстық ішкі саясат басқармасының басшылығы өңіріміздің әр ауданында зерттеу орталықтары ұйымдастырылып, он төрт тақырып бойынша жүйелі жұмыс атқарылып жатқанын жеткізді. Ол үшін де биыл 65 млн теңге қаралған. Сонымен қатар дін саласына келесі жылы 113 млн. теңге бөлу қарастырылып, саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуде көптеген жұмыстар атқарылмақ.
«Бұл 1 млн-нан астам қаржыны біз әсіресе діни салаға жүйелі түрде жұмсайтын боламыз. Алдымен діни кітаптар шығарып, анимациялық фильмдер түсіреміз, яғни діни ағымдарға қатысты түсірілген фильмдер арқыла жастарға ой салғымыз келеді»,- дейді облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Гүлмира Тағаева.
Ал облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының есебінде үстіміздегі жылдың 9 айында 5400-ге жуық адам жұмысқа орналасқаны айтылды. Мұнымен қоса «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасын жүзеге асыруда 9 млн. теңге бөлінген.
«Біз бүгінде «Жұмыспен қамту-2020″ бағдарламасын төрт бағыт бойынша жүзеге асыруда. Бағдарламаның бірінші бағыты: өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуыан жәрдемдесу, екінші бағыт: ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу, үшінші: еңбек ресуртсатының ұтқырлығын арттыру және соңғы бөлім ауылдық елді мекендерді дамыту болып табылады. Төрт бағытта жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға арналған», -жұмыспен қамтуды үйлестіруді және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Мұхит Әли.
Айта өтейік, статистикалық мәліметтерге сәйкес облыстағы жұмыссыз азаматтардың саны 69 мың адамды құрайды.