ОҚО денсаулық сақтау басқармасы «Халық таңдауы» және «Алтын қыран» халықтық сапа белгілерімен марапатталды. «Қыран» тұтынушылар лигасының жүргізген сауалнама, талдау жұмыстарының нәтижесі бойынша біздің облыстың медицина саласы үздік деп танылды.
«Қыран» тұтынушылар лигасы биыл 4-ші рет үздіктерді анықтап отыр. ОҚО денсаулық сақтау басқармасы «Халық таңдауы» және «Алтын қыран» халықтық сапа белгілерімен марапатталуға сауалнама қорытындысы бойынша әбден лайық дейді аймақтық лига төрағасы.
Науытбек Иманбеков, «Қыран» аймақтық тұтынушылар лигасының төрағасы: «ОҚО денсаулық сақтау басқармасының жұмысы қашанда алдыңғы қатарда. Облыстың медицина саласын жақсарту мақсатында алыс жақын шет елдік дәрігерлермен тәжірбие алмасу жұмысы қолға алынған. Медициналық құрал жабдықтар алынып, заманауи техникамен жабдықтау ісі де шешілген».
«Халық таңдауы» сөз жоқ жоғары баға. Облыстың медицина саласында жетістіктер аз емес. Оңтүстікте өлім жітім көрсеткіші жыл сайын төмендеп келеді. ммлекттік бюджет қаржысын игеру жағынан да басқарма алдыңғы орындарда дейді облысьтың бас дәрігері.
Жұмағали Исмаилов, ОҚО денсаулық сақтау басқармасының бастығы: «Облыс басқармаларының арасында мемлекеттік қаржыны тиімді пайдалану бойынша денсаулық сақтау саласы 3-ші орында. Ел арасында жыл сайын жүргізілетін сауалнама қорытындысы бойынша былтыр 64 пайыз болса, биыл 74 пайыз қанағаттанарлық деген баға алдық».
Оңтүстікте жалпы саны 120 денсаулық сақтау мекемесі болса, онда 31 мыңнан аса түрлі медицина қызметкері еңбек етуде. Бүгінгі марапат үлкен еңбектің жемісі екені даусыз.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=5dJ1ibAAgVE[/youtube]