Жергілікті жерден шығатын алкогольсіз сусындар, шырындар және сүт коктейльдерімен шөліңізді басуға болады. Индустриалды аймақта орналасқан зауыт өз жұмысын 1998 жылдан бастаған. Алайда нарықтың қыспағына түскен олар 2012 жылы үкіметтің көмегімен қайта нық тұрып, жылына 19 800 литр сусын шығаратын қуаттылыққа ие болды. Жоғары сапалы өнім өндіруде 100-ге жуық қызметкер еңбек етеді.
Таңшолпан Ертаева,жұмысшы: «Жұмысым тұрақты, жалақым жақсы. Жұмысым да оңай. Сусындардың қақпақтарын салып, бұрап тұрамыз. Егер талапқа сай келмейтін қақпақтар болса, ауыстыруға мәжбүрміз. Біздің өнімнің сапалылыңы сол қақпаққа байланысты. Сондықтан да мұқият болуға тырысамын».
Шикізатты Өзбекстан, Израиль, Ресей, Қытай елінен алатын зауыт жобасының жалпы құны-235 миллион теңге екен.
Сергей Васильчук, «Рауан» ЖШС директорының орынбасары: » Біз еліміздің көркеюі үшін қызмет етеміз. Бәсекеге қабілетті, әрі адамдардың денсаулығына кері әсерін тигізбейтін, сапалы сусындар шығару міндетіміз. Сондықтан да ең бірінші сапасына қатты көңіл бөлеміз «.
Бүгіннің өзінде ел қазынасына 42 миллион теңге салық төлейтін зауыттың алдағы жоспары да ауқымды. Өнімдерін 50 пайызға көтеріп, тұтынушыларға отандық сусынды ұсынбақ.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=_ds47ZSWHpI[/youtube]