Жасанды «Диззи» қаптап кетті

жасанды "Диззи" жасайтын цех

Шымкентте астыртын жолмен «Диззи» энергетикалық сусын шығарып келген 2 цех анықталды.

ОҚО бойынша ЭҚСЖД-нің (қаржы полициясының) баспасөз қызметі тартақан мәліметке сенер болсақ,  кешегі аптада ұйымдастырылған шұғыл -іздестіру іс-шарасының нәтижесінде Шымкент қаласында осындай іспен айналысып келген 2 цех табылған.

Ешқандай рұқсат етілген құжаттары жоқ бұл екі цехтан бос шөлмектер, темір қақпақтар тәркіленген.

«Диззи» энергетикалық сусынын әсіресе жастар көп пайдаланатындықтан айтарымыз, СЭС мамандары жасалу жолы дүдамал сусынды пайдалануға болмайтындығын айтып, дабыл қағуда. Бұл өнімнің адам ағзасына зияны орасан.

жасанды «Диззи» жасайтын цех