«Тәуелсіздік» саябағына бір жыл

540
Тұрғындардың салғырттығынан, саябақтың көркі қашуда
«Тәуелсіздік» саябағының кіреберіс беті

Бүгін Шымкент төріндегі Тәуелсіздік саябағының ашылғанына бір жыл толды. Былтыр дәл осы уақытта президент Нұрсұлтан Әбішұлы келіп, саябақтың салтанатты ашылуына қатысқан. Оның құрылысына қазынадан 680 млн.теңге жұмсалған еді. Бір айта кетерлігі, сол ақшаның 300 млн. теңгесін жергілікті кәсіпкерлер шығарған. Сол саябақтың бүгінгі жайымен тілшіміз танысып қайтты.

Бұл — осыдан бір жыл бұрынғы салтанат. Оңтүстіктегі «Тәуелсіздік» саябағы ашылуына Елбасы да қатысқан. Содан көркі алыстан көз тартатын саябақ шымкенттіктердің сүйікті демалыс орнына айналады.

Сазды ырғағымен келген қонақтарды баурап алатын субұрқақ Ардақ Ерімбетованы еріксіз билетті. Туған қаласында бес жылдан бері болмаған оның таңқаласында шек жоқ.

Ардақ Ерімбетова, Шымкент қаласының тумасы: » Сол 90-жылдардың қыспағы есіме түсіп отыр. Бұл жер барахолка болған еді. Ал қазір бәрі өзгерген. Тіптен керемет. Мен туған қаламды сүйемін. Сондықтан барлық тұрғындарды барын бағалап, қастерлеп ұстауға шақырамын «.

Ашылғанына бір жасқа толған саябақтың бүгінгі көрінісі көңілге. Тұрғындардың салғырттығынан ба, әлде құрылыстың сапасыздығынан ба, әйтеуір сыры көшіп, қабырғасы жарылған тұстар бар. Әсіресе, жастар субұрқаққа шығып алып, орындықтарға аттарын жазып, бүлдіріп кетуде.

Валерия Игнатова-Шатилова, саябақтың операторы: «Өкінішке орай, мемлекеттің мүлігіне жан ашырлықпай қарамайтындар көп. Сындырып, тақтайшаларды шимақтап кететіндер өте көп. Ескертуге құлақ та аспайды. Айналдырып келгенде өзіміздің қызметкерлер жуып тазалап жатқаны».

Өзгелермен иық тірістеріп, елімізді өркендеткен Тәуелсіздігіміздің тұғырын бейнелейтін саябаққа барынша құрмет

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=EFSuwxfugNk[/youtube]