Оқушылар қала күніне ерекше көрме ұйымдастырды

Шымкенттің әсем нысандары мен ғимараттары, жайқалған жасыл желектері мен сұлу табиғаты көрмеде көрініс тапты. Тәуелсіздік саябағында қаламыздағы барлық мектеп оқушылары қатысқан көрме ұйымдастырылды.

Қала күніне орай өткен көрменің бір ерекшелігі – гүлдерден, жеміс-жидектерден жасалған заттар оқушылардың өз қолдарынан шыққан.

Қызанақ, қияр, жүгері, қарбыз бен жидектен тұратын саябақ, қызғалдақ, бірнеше бума гүлден құралған, Шымкенттің тарихынан сыр шертетін ұшақ та бар. Оқушылардың бұл еңбектерін қала басшылары, қонақтар тамашалап, жоғары баға берді.

Әрбір жас қала күніне деген сыйын осылайша жеткізді.

ОҚУШЫЛАР ҚАЛА КҮНІНЕ АРНАҒАН ТІЛЕКТЕРІН ЖАЗУДА