Қалада «Канвас» жаңа қонақ үйінің тұсауы кесілді

450
Шымкентке келген шетелдік қонақтарды күтуге барлық жағдай жасалған

 

Шымкентке келген шетелдік қонақтарды күтуге барлық жағдай жасалған

Жоғарғы сервис пен әлемдік деңгейдегі сапалы қызметті енді Шымкенттен де табуға болады. Қалада «Канвас» жаңа қоанүйінің тұсауы кесілді. Бұл — «Канвас Хоутелс» жүйесіне тиесілі әлемдегі төртінші және Қазақстандағы жалғыз қонақ үй. Олар ең алдымен адамның көңілін тауып, жанына жағатын қызмет түрлерімен мақтана алады.

«Канвас» жүйесі жерлестерімізге Шымкентте алғашқы халықаралық дәрежедегі 4 жұлдызды қонақ үйді ұсынады. Мексиканың Масатланы, Марокконың Рабаты, арабтардың Аль Айн қаласын оңтүстікпен енді ортақ «Канвас» бренді байланыстырмақ. Ол ағылшыннан аударғанда «таза кенеп» деген мағына береді. Яғни, мұндағылар заманауи үлгідегі қонақүйде өз өміріңізді ақ қағазға бейнелеуге мүмкіндік береді.

Мистер Мұрат Етишген, «Канвас» қонақ үйінің бас менеджері: «Басқа қала емес, Шымкенттің өзінде қонақүй ашуды көздедік. Өйткені мұнда түрлі кәсіпкерлер іс сапармен келеді. Олардың жұмыс барысын ойдағыдай өткізу үшін осындай қонақүй салуды ойладық. Келушілер көп болады деп сенеміз».

 

«Канвас Хоутелс» жүйесіне тиесілі әлемдегі төртінші және Қазақстандағы жалғыз қонақ үй

Қонақүйде келушілерге 3 түрлі — стандартты, люкс және твин румс дәрежесіндегі 120 нөмір қызмет көрсетуге даяр. Оған қоса массаж кабинеттері, арабтың тағамдарын пісіретін 2 мейрамханан, сауна, бассейндер, американдық бар, жаттығу және конференция залдары бар. Бір сөзбен айтқанда, Шымқалаға келген шетелдік қонақтарды күтуге барлық жағдай жасалған.

Атхам Аль Магриби,  Абу Дабиден келген қонақ: «Менің Шымкентке келуім алғаш. «Канвас» қонақйүіне орналастым. Өте ұнады. Тағамы да, бөлмедері де, қызметкерлері де көңілімнен шықты!»

Кәсіпкер, түрлі делегация өкілдері, саяхатшы секілді барлығы қонақүйдің жоғары сапалы қызметін пайдалана алады.

Валерия Матрохина, «Канвас» қонақ үйінің қызметкері: «Қош келіпсіздер дегіміз келеді. Келген қонақтарымызға барлық жағдай жасаймыз. Қонақүйіміздің төрінен көрініңіздер!»

«Канвас» қонақүйінің есігі сіздерге айқара ашық. Жұмақтай мекенде уақыт өткіземін десеңіздер, Момышұлы көшесіне, Шымкенттегі циркке қарама-қарсы орналасқан қонақүйге келіңіздер.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=M_e59ctk6ko[/youtube]