Әділет басқармасындағы ашық есік күні

304
ашық есік күні 100-ден астам тұрғын келіп үлгерді

 

ашық есік күні 100-ден астам тұрғын келіп үлгерді

Бүгін қалалық әділет басқармасының есігі кез-келген тұрғынға ашық болды. Мұнда «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы, адвокаттармен бірге азаматтарға құқықтық көмек көрсетіп кеңес берді. Ашық есік күнінде келген халықтың басым бөлігін құжат рәсімдеу, онда кеткен қателіктер, тегін ауыстыру бойынша келген. Мәселен, Иса Назерке 15 жасар қызына жеке сәйкестердіру нөмерін алмақ болғанында оның құжаттарында қателік бары анықталған.

Ал мына келіншек тұрмыс құрған қызының заңды некеге тұрмағандығын айтып, енді ажырасқанда немересіне аллимент қалай өндіретіндігі жайлы сұрап, заңгерден тегін кеңес алды.

Осылайша, Таңғы сағат 10-нан бастап 3 сағат уақытта 100 ден астам тұрғын түрлі мәселемен сауалдарына жауап алып, тиісті мамандардан кеңес алды.