Ардагерлерге «облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалі табысталды

1169
Қар­тыңды, қарияң­ды сыйлауды, әрине, еш­қандай құжатпен, заңмен ресім­деудің қажеті бола қоймасы белгілі.

Оңтүстік Қазақстан облысының 80 жылдық торқалы тойы аясында мың дана медаль жасалды. Облысқа еңбегі сіңген медалінің алғашқы 100 данасын облыс әкімі Асқар Мырзахметов өңіріміздегі соғыс және еңбек ардагерлеріне табыс етті. Жасы 90-нан асқан Тоғанбай Қауымбаев өз үйінде облыс әкімін көрем деп ойламаса керек. Қуанышында шек жоқ. Ақсақалға облыс басшысы өңірдің 80 жылдығына орай, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалін табыс етті. БАсқа да тарту таралғысы тағы бар. Ардагерге мұндай сый көрсетуді өз замандастары шешкен.

Асқар Мырзахметов, облыс әкімі: «Облыстық аудандық ардагерлер кеңесі комиссия құрып, олар өз отырыстарында кімдерді марапаттау керектігін  шешті.  700 адамның тізімі берілді. Олар өңіріміздің өркендеуіне 40-50 жыл  ат салысқан. Алғашқысын сізге бердік».

Ардагерлерді марапаттау филармонияда өткен салтанатты жиында жалғасын тапты. Өңіріміздің аудан, қалаларынан арнайы шақырылған соғыс және еңбек ардагерлері, бас аяғы 97 азамат «Оңтүстікке сіңірген еңбегі үшін» төс белгісін әкімнің қолынан алды. Құрметке ие болғандар еңбегіміз еленді деп қуанып жатыр.

Тәңірдерді Арманұлы, Шардара аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:  «Еңбегіміз бағаланды. Мен политехникалық институтты  бітірген 1961 жылы Шардара ауданындағы электр станциясында жұмыс істедім. Сол жылдары өңірді игеруге, дамуына  еңбек еттік. Жәй мастерден басшы қызметіне дейін өстім. Қазір ауданымыз жетістікке жеткен алдыңғы қатардағы аймақ. Марапат үшін барлығына рахмет айтамын. Қарттарға имандылық, жастарға өмір тілеймін. Облысымыз, Қазақстанымыз өркендей берсін».

Мақтау, мадақтау мұнымен шектелмейді. Өңірде тағы 600 ге жуық ардагер дәл осындай медальге ие болмақ.

«Ауылыңда қария болса, жазып қой­­ған хатпен тең» деп халқымыз ежелден қазыналы қартын қадірлеп, қасиет тұтқан
дәс­­түр­лі құнды­лықтар қашанда қазақ халқының ын­тымақ-бірлігіне қызмет етті десек, сол қағидалардың қалыбы әлі де бұ­зыл­май, тәуелсіздіктің тәрбие бе­сі­гін­дегі басты байлыққа баланады
Қарт­тарға деген сүйіспеншілік пен іл­типат әр адамның жүрегіндегі ме­йі­рім­мен суарылып, қайырымдылық­пен қа­лып­тасуы маңызды
Қар­тыңды, қарияң­ды сыйлауды, әрине, еш­қандай құжатпен, заңмен ресім­деудің қажеті бола қоймасы белгілі
«Көпті көрген қариядан бата алу, ақыл-кеңесін тыңдау», «батырлықты, ба­йыптылықты бабалардан қалған мұ­радан іздеу басты байлығымыз
Өмірдің небір қи­ын­шылығын бастан кешіп, туған жер­дің түлеуіне атсалысқан аға ұрпақтың ал­дындағы парызды бір сәттік шара ар­қылы орын­дап тастаймыз деу қ­а­телік
Бұл құрмет бір күнгі мерекеден кейін кө­ңіл бөлмей қоя салуға болатын нәрсе емес

 

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=I7X7rG_48D8[/youtube]