Бекжандықтар тағы дүрлікті

Бекжан базарында төтенше жағдай орын алды
Бекжан базарында төтенше жағдай орын алды

Бекжан автовокзалының сатушылары тағы дүрліктірді. ОҚО ІІД-нің қызметкерлері таңертең алаңсыз жұмысқа келген сатушыларды жаппай сыртқа шығарып жіберді. Оған телефон арқылы әлдебіреудің нысанға жарылғыш зат  қойылғаны туралы хабарламасы  себеп болған.

Оқиға орына шұғыл жеткен полицейлер базар аумағын тексеріп шықты. Абырой болғанда, ел-жұртты дүрліктірген мәлімдеме жалған көрінеді. Тәртіп сақшылары сатушыларды сабырға шақырып, жұмысын одан әрі жалғастыра беруге болатындықтарын мәлімдеді.

Бейбіт күнде тұрғындардың үрейін ұшырған кім екендігін тәртіп сақшылары іздестіруде.

 

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=n2WN1O_NmCI[/youtube]