Кеденшілер контрабандалық тауарлар тәркіледі

212
925-сынамалы 64 келі күміс әшекейлер заңсыз өткізілмек болған
925-сынамалы 64 келі күміс әшекейлер заңсыз өткізілмек болған

925-ші сынамалы 64 келі күміс бұйымдар мен құжатта көрсетілмеген халықтық тұтыну тауарларын заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды. Мұны облыстық кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері Қонысбаев бекетінде инспекциялық тексеру жүргізу кезінде анықтаған.

Автокөлік «Түркия-Қазақстан» бағытында Алматы қаласынадағы мекемеге  келе жатқан бағытында тоқтатылған. Заңсыз тауарлар тәркіленіп алынды. Енді қулығын жүзеге асырмақ болғандар заң алдында жауап беретін болады.

Заңсыз тауарлар тәркіленді

Еркебұлан Дауылбаев, ОҚО Кедендік бақылау департаментіндегі контрабандаға қарсы күрес жөніндегі басқармасының  бастығы: «Қазіргі таңда бұйымдардың сынамасын анықтау үшін сот сараптама  орталығына  сараптама тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша ҚР ҚІК 209 бабы бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілетін болды».

Жылдың басынан бері кеденшілер осындай 4 фактіні анықтады. Олар бойынша қазіргі таңда  қаржы полициясы  тергеу амалдарын жүргізуде.