Шетел азаматы айналысы шектелген заттардың контрабандасын жасағаны үшін сотталды

29

Шетел азаматы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы айналысы шектелген заттардың контрабандасын жасағаны үшін сотталды.

 Тәжікстан Республикасының Ж.А. атты азаматы 2023 жылғы 5 ақпанда сағат 22:00 шамасында Өзбекстан Республикасындағы «Гулистан» шекара бақылау бекетінен өтіп, Түркістан облысының Мақтаарал ауданында орналасқан «Атамекен» шекара бақылау бекетіне жаяу жүргінші терминалы арқылы Қазақстан Республикасының аумағына өткен кезде, шекара қызметкерлерінің «Найс» атты қызметтік итімен тексеру барысында шалбарының оң жақ сыртқы қалтасының ішінде тұрған гашиш есірткі затын Мемлекеттiк шекара арқылы заңсыз өткізгендігі анықталған.
Сотталушы Ж.А.-ның айналысы шектелген заттардың контрабандасын жасаған әрекеті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 286-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалған.
Қылмыстық іс сотта қаралып, істі қарау кезінде сотталушы өз кінәсін толығымен мойындап, жасаған іс-әрекеттеріне шын жүректен өкінетінін көрсетіп, қатаң жазаламауды сұраған.
 Сотталушы Ж.А. ға жаза тағайындау барысында сот оның айыпталып отырған қылмысының сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, жеке басын, жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлары жоқ екендігін ескеріп, оған айыппұл түріндегі жазаны тағайындау жеткілікті деп санап, соттың 13.04.2023 жылғы үкімімен 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 1 035 000 теңге айыппұл жазасы тағайындалды.
 Сотталушы Ж.А.-ға тағайындалған айыппұлды үкім заңды күшіне енгенге дейін өз еркімен төледі.