Мәжілісмендер жастармен кездесті

345
Ұласбек Сәдібеков
Жастар депутатты сұрақ астына алды

Жастар өзекті мәселесін Парламент мәжілісі депутаттарының алдында жайып салды. Оларды қоғамда орын алып жатқан мәселелер бей-жай қалдырмайды. Әсіресе, көптен бері жыр болған жол жүру билеті қайта көтерілді. Заңда қаралып жатыр деген жауап жастардың қытығына тиіп біткен. Мәселесі үш жылдан бері шешілмейтін олар, ендігі үміттерін үзгендерін де жеткізді. Елбасының дипломмен ауылға бағдарламасының өз деңгейінде жүргізілмейтініне де шағымданды. Қоғамды жайлап бара жатқан жемқорлық, жастарды да жаралап жатқанын жеткізді. Осылайша оңтүстіктің жастары «Жастары саясаты туралы» заңға енгізілетін өзгерісте ауыл жастары шет қаламаса деген тілектерін де жеткізді.

Абзал Мұратов, ОҚМПИ-ның студенті: «Жеңілдікпен жолда жүру мәселесі шешілмейтін түйін екен. Мен студент атанғанымнан бастап әлі айтылып келе жатыр. Заңда қаралып жатыр деген жауапты әрбір тұлғадан естиміз. Жастарға ешкімнің жаны ашымайды. Көзбояушылыққа көптеп бет бұрып кеттік. Осындай тәрбие алған біздер шынымен жағымпаздықтың құрбаны боламыз ба деп қорқамын?»

Кездесу барысында жастар саясаты туралы мемлекеттік заңының аймақтық деңгейде орындалуы, жастар қозғалысын

Ұласбек Сәдібеков

дамыту, ауыл жастарының әлеуметтік мәселелері, жастардың саяси белсенділігі, жасөспірімдер қылмысының алдын алу мәселелері қаралды.

Жастардың көкейтесті сұрақтарына жауап берген ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібеков жас толқынның ұсынысын Елордаға арқалап кетпей, шешімін табуға көмектесетінін айтты.