Шымкенттегі Көксәйек және Чапаевка елдімекендерінің тұрғындары о дүниелік болған туыстарының денесін жер қойнауына тапсыруда қиындықтарға тап болды. Олар христиан моласына жете алмай отырмыз деп ашынады. Оған себеп, қабірге апарар жол батпаққа айналған. Сол үшін мұндағылар жауын-шашында, қыс ауасында көз жұмғандарды жерлеу үшін қолмен көтеріп апаруға мәжбүр.
Ирина Слупская, Көксәйек елдімекенінің тұрғыны: «Мен ұлымды қаңтар айында жерледім. Жер батпақ болып жатқандықтан, мүрдені қолмен көтеріп баруға мәжбүр болдық. Ал егер жалғызілікті қариялар мен ешкімі жоқ адамдар көз жұмса не болмақ? Оларды кім көтеріп алып барады?».
Ал жергілікті басшылық жақын арада жағдайдың өзгере қоюы екіталай дейді. Себебі, мазараттың жағдайын жасауға қаржыландыру мәселесі көтерілмеген.