Көксәйектегі көпсалалы колледжге – 60 жыл

322

Акуммулятордың дұрыс жұмыс жасап тұрғанын тексеру. Сонда ғана оқытушы баға қояды. Бұл Көксәйек елді мекеніндегі көпсалалық колледж студенттерінің тәжірибелік жұмысы. Бүгін мұнда колледждің 60 жылдығын тойлауда. Мерекеге қарамастан тәжірибелік жұмыс бірінші орында.

60 жылдың ішінде колледж көптеген түлектерге білім берді. Қиын қыстау кезеңдерді де бастан кешірді. Бірақ қазір мұнда бәрі жаңа. Оқу ғимараттары мен жатақхана салынған.

Болат Жанәбіл, колледж директоры: «Осыншама жылдардың арасында көптеген білікті мамандарды даярлауға өздеріңіз үлестеріңізді қостыңыздар. Кейінгі жас мамандар әлі де сіздердің іздеріңізді жалғастырып келе жатыр. Сол үшін әрине біз осы ұстаздар қауымына алғысымыз шексіз».

Алда әлі жоспар көп. Мерекеге орай жаңа спорт алаңы ашылған. Бұл қазіргі студенттерге сыйлық.

Олжас Айдарбек