Мектеп оқушыларының жаппай төбелесіне қатысты кезекті дау шықты. Бұл жолы жәбірленуші Дмитрий КИМнің атасы наразылық білдірді. Естеріңізде болса № 46 мектептің ауласында төбелес болған еді. Осы мектептің оқушысы Дмитрий Кимді көршілес қос білім ұясының жігіттері төбелеп, басын жарып, естен тандырып тастаған. Атышулы оқиғаға қатысты сот аяқ асты ұстанымын өзгертіп, отырыс жабық түрде өтетін болып қалды. Тіпті жәбірленушіні қорғап жүрген атасын да сот залынан шығарып жіберген. Руслан Ким осыған наразылық білдіріп жатыр.
РУСЛАН КИМ, ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ АТАСЫ: » Бүгін судья айыптаушы, айыпталушы жақпен танысты. Қылмыскерлерді залда қалдырды. Бірақ олар, жақтаудың арғы жағында отыруы керек еді. Кейін мені соттан шығарып жіберді. Мен зардап шеккен тараптың атасы боламын дегеніме қараған жоқ.
Сөйтіп сот отырысы басталып кетсе керек. Қазір Дмитрий Кимді төбелеп тастаған №65-ші және 39 мектептің оқушылары күдікті ретінде ұсталған. Бірақ жәбірленуші тарап соттың әділ шешім шығаруына күмәнмен қараймын деп дүрсе қоя берді.