Жастар арасындағы облыс біріншілігінде биыл 300-ге жуық боксшы ептілігін сынға салды. Бұл алдағы ел чемпионатына іріктеу дейді бапкерлер. Содан болар аудандың бөлімшелердің барлығы дерлік жарысқа қатысуға тырысыпты. Ақтық сында он жұп өзара чемпиондарын анықтады. Бұл турнир облыс құрамасын жасақтауға мүмкіндік беретін болған соң әр аудан мықтыларын алып келуге тырысқан.
Жарыс екі күнге жалғасып, чемпиондар анықталды. Бұл жолы Төле би ауданының боксшылары тиісті дайындықта келіпті деп төрешілер қорытындылады.
Батырбек Ташболов, жасөспірімдер арасындағы ОҚО аға бапкері: «Облысымыздың 80 жылдығына арнап, оның үстіне бір жағынан жыл бойы жасалынған жұмыстың жемісін көріп, қателікпен жұмыс жасау қажет болса оны қолға алсақ деп отырмыз. Арыс қаласының, Сарыағаш, Төле бидің жеткіншектері ептілік танытып отыр».
Жарыс әзірге бұрынғы ережемен өтіп отыр. Ал жаңа ереже Астанада өтетін ел чемпионатынан кейін енуі әбден мүмкін.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=h2yY07m-JhA[/youtube]