Кеше облыс әкімі Асқар Мырзахметов облыстағы құқыққорғау органдары басшыларын қабылдап, марапаттады. Олардың көкірегіне » Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалін тақты.
Айта кетейік бұл марапат облыстың өсіп-өркендеуіне айрықша еңбек сіңірген, еліміздің экономикасын, әлеуметтік, қоғамдық салаларды дамытуға қосқан елеулі үлес қосқан азаматтарға беріледі. Мұндай медаль бұрын-соңды Оңтүстікте болмаған.
Ал, кеше облыс әкімінің қолынан марапат алғандардың қатарында ОҚО бойынша кедендік бақылау департаментінің бастығы Жасұлан Ахметов, Әділет департаментінің бастығы Ерлан Дауылбаев, Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Уәлихан Ережепов, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығы Серікбай Ерімбетов, Облыс прокуроры Ибраһим Иманов, Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы Датқабек Мұсаев, ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департамент директоры Нұрмахан Жолдасов бар.