Облысымызда Өзбекстан азаматы 6 жыл құлдықта ұсталған

252
Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД баспасөзбен қызметінің басшысы

 

Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД баспасөзбен қызметінің басшысы

6 жыл бойына Өзбекстан азаматын мәжбүрлеп құлдықта ұстаған Кентау қаласы тұрғындарының әрекеті әшкере болды. Бұл ОҚО ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы мен «Бүркіт» арнайы жасағының шұғыл-іздестіру нәтижесінде анықталды. Жанар-жағармай құю бекетінде жұмыс істеп жүрген 48 жастағы азамат 2006 жылы Өзбекстаннан жұмыс іздеп келген. Алайда жұмыс берушілер оның құжаттарын тартып алып, ұрып-соғып ауыр еңбекке жеккен.

Сол уақыттан бері ол өз елінде іс-түзсіз жоғалғандар қатарында болған. Енді азаматты құлдықта ұстаған Кентау қаласының әкелі-балалы тұрғындары заң алдында жауап беретін болады. Осы істі тергеу барысында олардың тағы бір қылмысқа қатысы бары анықталды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Pj3Gx8T9lnA[/youtube]