Шымкенттің жолдары қыстағы тайғаққа дайын емес

404
Қар сүруге көліктер дайын, тек себетін құмы жоқ
Қар сүруге көліктер дайын, тек себетін құмы жоқ

Шымкенттің жолдары қыстағы тайғаққа дайын емес. Жол тазалаумен айналысатын мекеменің мамандары осылай деп дабыл қағады. Бүгінгі таңда олардың жолға себілетін құм және техникалық тұз сақтайтын қоймалары бос тұр.

Былтыр қараша айының алғашқы күндері қар жауып, шымкенттіктерді әбігерге салғаны есімізде. Тайғақ жолдарды тазалау жұмысы дайындықтың нашарлығынан қиынға соққан болатын. Сол кездегі тайғақ биылға сабақ болмаған секілді. Шымкенттің көп жерін алып жатқан Еңбекші ауданындағы 41 көшені тазалайтын «ЮгДорСервис» мекемесі әлі күнге дейін құмсыз отыр.

Қар сүретін 22 көлік дайын болғанымен жолға себетін материал жоқ. Былтырдан қалған құм бірінші қардың қаһарына шыдайды, ал қалғанын құр қолмен қарсы алуымыз мүмкін дейді мекеме басшылығы.

Есенгелді Алтыбаев, «ЮгДорСервис» ЖШС бастығының орынбасары: «Бір

Есенгелді Алтыбаев, «Югдорсервис» ЖШС директорының орынбасары

қыстан аман-есен шығу үшін 4 мың куб құм және 200 тонна тұз кетеді. Былтыр осы көлемді толық алғанбыз. Ал биыл әлі жоқ. Қоймадағы қалған құмнның барлығын су тасқынына тасыған болатын. Күннің жылы кезінде қажетті материалдардың түскені жақсы. Жауын-шашын болмай жатып, тасып үлгеріп аламыз. Алайда тағы да судың астында қалып қоямыз ба деген күдік бар. Құм да, тұз да қатып қалады. Машина себе алмай бұзылатында жағдайлар кездеседі. Сол себепті ертерек берсе дұрыс болар еді».

Күздің соңғы айына дейін құмсыз әрі қамсыз отырған мекемеге қажетін жеткізу қалалық коммуналдық шаруашылық бөлімінің міндеті. Ал олар жол тазалаушылар он күннің ішінде сұрағандарын алады деп отыр.

Ерубай Құралбаев, қалалық ТҮКШ бөлімінің көріктендіру секторының меңгерушісі: «Бұл мекемеге алдағы он күннің ішінде құм мен тұзды жеткізіп береміз. Ол үшін қаржы да бөлініп қойған. Қажетті материалдың жетпіс пайызы «ЛТД Тұрмыс» мекемесіне берілді».

Жауапты мамандардың өз уәдесінің үдесінен қаншалықты шығарына уақыт төреші. Алайда қыс қамын жазда ойлаған дұрыс шығар.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=OKVSovORW9Q[/youtube]