«ҚуатЖылуОрталығы-3» қысқа 100 пайыз дайын

151

Шымкенттегі «ҚуатЖылуОрталығы-3» мамандары жаз бойғы жұмыстарын пысықтады. Қысқа 100 пайыз дайынбыз деген мекеме өкілдері бүгін жылу қазандықтарын қосып көрді. Бұдан бөлек мамандар жылу құбырларын да ауыстырғанын айтады. Барлығы 7,5 км құбырды ауыстыру үшін 110 млн. теңге жұмсалған екен.

Ал, антимонополия департаментінің өкілдері биыл жылу бағасының құбылмайтынын айтады. Соңғы рет бағаны 4 жыл бұрын көтердік деген жауаптылар биыл да құнын қымбаттатпауға уәде берді.

Айта кетейік, Шымкенттегі жылу құбырларының күрделі жөндеуі осыдан 3 жыл бұрын басталған еді. Жөндеу жұмыстары үшін инвестжобадан 700 млн. теңге қаралған. Жауаптылар сөзінше, құрылыс жұмыстары 2021 жылы аяқталады. Осылайша мамандар қаланың тағы 33 пайызын жылумен қамтымақ.

Назерке Үкібасова