Шымкенттің көшелеріне бір жылдық гүлдер отырғызылуда

619

Күшейтілген карантинде қаланың коммуналдық сала қызметі жұмысын қарқынды жүргізуде.

  Бір топ жұмысшылар Қ. Рысқұлбеков көшесі бойына гүлдерді отырғызуда. Абай саябағының бойындағы кілем іспеттес әсем өсімдіктер көшенің көркін ғана емес шаһардың келбетін ажарландыра түскен. Гүлдерді мерзімінде суғару, дәрілеу, түбін қопсыту жалпы күтімі «ЛТД Тұрмыс» мекемесіне жүктелген. Коммуналшылардың бұл міндетті ойдағыдай орындап жүргеніне төтенше жағдай біткенде тұрғындардың өздері куә болады, тамашалайды.

Шынар Оразова