Жастар жасампаздыққа ұмтылуы тиіс

Форумға қатысқан жастар тәртіп пен мәдениетті сақтауға уәде берді
Форумға қатысқан жастар тәртіп пен мәдениетті сақтауға уәде берді

Жастар ел болашағы. ОҚМПИ-да мемлекеттік рәміздердің 20 жылдығына орай облыстық форум жұмысын бастады. Іс-шараның мақсаты — ұлттық рәміздерді құрметтеу, жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Бүгінде мемлекетіміздің тірегі, ұлтымыздың қаймағы саналатын жастардың отаншылдық рухын ояту кезек күттірмейтін мәселе.

Келешек ұрпақтың қамын бүгіннен зерделеуіміз ләзім. Жиынға қатысқан облыс әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының бастығы Қайрат Төлебаев және институттың тәрбие істері жөніндегі проректоры Баршагүл Исабек өз ойларын іркіп қала алған жоқ. Рас, еліміздің әлем елдерінің арасында мәртебесінің биіктеуіне Елбасымыздың қосқан еңбегі мол. Сонымен бірге, бәтуалы басқосуда 1 желтоқсан «Тұңғыш Президент күні» мерекесінің маңыздылығы айтылды.

Жуырда қазақ елінің тағы бір ерен жетістікті бағындырғанын білесіздер. «ЕКСПО» дүниежүзілік көрмесінің 2017 жылы Астана төрінде төруі елдігімізді айқындап бергендей. Форумның маңыздылығын ұғынған жастар қауымы ендігі кезекте тәртіп пен мәдениеттілікті сақтауға кіріспек.