Апат орнынан ұшақтың қара жәшігі табылды. Қара жәшікті тексеру жұмыстары толық аяқталғаннан соң ғана апаттың нақты себебі жарияланбақ. Қазір осы оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылып жұмыс істеп жатыр. Тіпті ҚР ҰҚК Төрағасы Нұртай Әбіқаев та Шымкентке келді. Оның айтуынша ұшақты басқарған ұшқыш өте білікті маман болған. Оның үстіне АН-72 жақында ғана Украинада жөндеуден өткізілген екен.
Әзірге ұшақтың құлауына байланысты үш версия айтылып жатыр. Оның негізгісі ауа-райының тым қолайсыздығы, адами фактор және техникалық ақау. Бірақ Нұртай Әбіқаев ә дегеннен ұшақтың жөндеу көргенін және ұшқыштың білікті маман екенін айтып өтті. Әзірге белгілісі ұшақтың қирандылары 50 метр радиуске дейін шашылып кеткен. Ал әуе көлігінің жерге қона алмай 4 рет аспанда айналды деген сөзді төраға жоққа шығарды.
Айта өтейік бұл АН-72 ұшағының әуеге 31-ші рет тәйеге көтерілуі екен. Бірақ сәтсіз болды. Дегенмен жергілікті тұрғындар бір апаттан аман қалған. Өйткені ұшақ тұрғын үй массивінен 1 шақырым ғана қашықтыққа құлаған. Сөйтіп борттағы 27 адам түгел қаза тапты. Н Әбіқаев қайтыс болғандардың туыстарымен кездесіп көңіл айтты және мәйіттер туыстарының қалаған жеріне жерленетінін жеткізіпті.
Бірақ мәйіттерді қашан туыстарына берілетіні белгісіз. Ал бүгін Ақ Ордада өтетін жиында қаза тапқандардың туыстарына көрсетілетін материалдың көмектің көлемі анықталады деді Әбіқаев.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=zQ1yOvs_sng[/youtube]