Өңіріміздегі көзі нашар көретін балаларға арналған «Үміт» мектеп-интернатының оқушылары үшін бүгін жаңа жылдық ғажайыптар ертегісі басталып кетті! Жүздері бал-бұл жайнаған балалар өздерінің қалаған сыйлықтарына ие болды. Мұндай қуанышты оларға Қауысбек Тұрысбеков атындағы қайырымдылық қоры сыйлап отыр.
Салтанат Тұрысбекова, Қауысбек Тұрысбеков атындағы қайырымдылық қорының президенті: «Бүгін біз осы көзі нашар көретін балаларға арнайы келіп, жаңа жыл қарсаңында қуаныш сыйлауды жөн көрдік. Ең бастысы, осы балалардың жүзінен қуаныш лебін көргіміз келді. Мақсатымызға жеттік деп ойлаймын. Біздің қайырымдылық қоры мұндай шараларды жиі өткізіп тұрады. Ал осы балаларға ұйымдастырған концерттеріне көп-көп рахметімді айтамын, ал ата-аналарына осындай өнерлі бала тәрбилегені үшін рахмет! Жаңа жыл баршамызға жаңа табыстар мен жаңа қуаныштар әкелсін деп тілеймін!»
Аяз атаны асыға күткен «Үміт» мектеп-интернаты оқушылары бұл күні қонақтар алдында тосылмай, өнерлерін паш етті. Би билеп, ән айтып, жаңа жылдық шашу тақпақтарын орындады. Мектептің 10 жасар шәкірті Нәзила Исаханова халық әндерін де шебер орындап, көпшілктің құрметіне ие болды. Ал Аяз атаны қарсы аларда «Жаңа жыл» әнін әуелетіп, шарықтаты шарқады.
Нәзила Исаханова, оқушы: «Мен өте қуаныштымын. Себебі жыл бойы армандаған сыйлықтарымды алдым. Қатты ұнады. Алғысымды білдіремін! Рахмет».
Қауысбек Тұрысбеков атындағы қайырымдылық қоры балаларға мерекелік көңіл күй сыйлады осылай. Мектеп-интернаттың әрбір оқушысы сыйлықтар мен ерекше ықыласқа бөленді. Ешқайсыс тартудан шет қалмады. айта өтейік, бүгінде ОҚО көзі нашар көретін балдарға арналған «Үміт» мектеп интернатында 7-19 жас аралығындағы 183 бала білім алуда.
Биғайша Нұрғазинова, ОҚО көзі нашар көретін балдарға арналған «Үміт» мектеп интернатының директоры: » Ең алдымен, Қауысбек Тұрысбеков атындағы қайырымдылық қорына айтар алғысым шексіз! Балардың көңілін көтеріп, тамаша сыйлықтарын ұсынып жатыр. Бұл балалар үшін үлкен қуаныш қой! Осыншама шаттық пен меркелік кеш сыйлаған қорға ата-аналар да дән риза! қалай болғанда да бұл сыйлықтар балалардың есінен ешқашан шықпайтын болды!»
Қайырымдылық қорықаламыздағы әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасылардың, балалар үйінің балақайларына жаңа жылдық тартуын үлестіруді жалғастырмақ. Қауысбек Тұрысбеков атындағы қайырымдылық қорының президенті Салтанат Тұрысбекованың айтуынша, шарапаты мол шара тек мейрамда ғана емес, әрдайым балалар үшін үздіксіз жұмыс жасайды.