Шымкенттіктер жыланды қарсы алуға дайын

190
Жылан болмысын көпішілік алдында сомдаған студент 2013 жыл жаңа табыстар мен қуаныш әкелетініне сенімді

Жаңа жыл! Жылан жылын қарсы алуға Оңтүстік жұртшылығы арқа-жарқа дайындалып жатыр. Түрлі іс-шаралар, ән-би шашулар, тіпті Аяз ата мен қарша қыздың да ел арасында жүріп, сыйлық үлестіруді бастап кеткені қашан. Ал бұл күні қала жастары жылан жылын қарсу алу сәтін ұсынды көпшілік назарына. Ең алдымен сахна төріне «Жылан патшалығы» көтеріледі де осыншама уақыттан бері күтіп жүргенін мәлім етті. Қатты ашуға булыққан жыландар шыршаға жармасып, орындарын босатпай қояды. Сәл ғана қыдыруға шыққан ұлулар осылайша өз орнынан айырылып, көз жазып қала береді. Оқиға желісі осылай өрбиді. Ал жыландар өздерінің келу құрметіне орай көпшіліктен өнер көрсету керек екенін талап етіп, шет елдің, қазақтың қоржынындағы тамаша туындыларды орындатқызып, әмірлігін жүргізуді бастап та кетеді.

Жылан болмысын көпішілік алдында сомдаған студент 2013 жыл жаңа табыстар мен қуаныш әкелетініне сенімді
Жылан болмысын көпшілік алдында сомдаған Қайсар 2013 жыл жаңа табыстар мен қуаныш әкелетініне сенімді

Қайсар Аманәлиев, студент: «Мен бүгін жылан рөлін сомдап жатырмын. Яғни жыландар қаһарына мініп келіп, өзгелерге айбатын көрсетеді. Шыршаны жағалап жүріп, ұлудың шыршадан алыстап кеткенін бақылайды. Сол сәтті тиімді пайданалған жыландар шыршаның жанына кеп жатып алады. Бұл тапқырлықты өзіміз ойлап таптық. Енді міне, түр-әлпетіміз, шаш үлгіміз  де қатты ұқсап кетті. Қорқынышты, қап-қара!  Сондықтан достарымыз қол соғып, қошемет көрсетіп отыр. Ең бастысы мен достарымды осы мерекеде таң қалдырсам деп жоспарлап жүрген едім. Ойым жүзеге асқандай! Бұл жаңға жылдық тосын сый болды. Сонымен қоса, жылан жылы тек сәтіліктер мен қуаныштар, табыс әкелсін деп тілеймін баршаға!»

«Жылы жылы сөйлесең, жылан інінен шығады» деген қағиданы жастар жақсы білетінге ұқсайды. Бұл керемет кешті тамашалаған олар, жылан жылынан күтер ырыс-жақсылығы көп екенін де айтады.

Ғазиза Төлебаева, студент: «Мен үшін ұлу жылы сәттілікке толы болды. Сессиямды да жақсы тапсырдым. Сабағым да дұрысталды. Отбасымыда да көптеген жақсылықтар орын алды. Оңтүстік өңірінің 80 жылдығы мерейтойы да жақсылап тойлданды. Ал 2013 жылан жылынан күтерім көп. Тек жақсылықтар тілеймін. Ең бастысы аспанымыз ашық, жүзіміз жарқын болғай!»

Бақдәулет Көзбаев, студент: «Жалпы Ұлу жылы мен үшін мәңгі есте қалады. Женгем тәтті қарындас сыйлады! Мен жоғарғы оқу орынынң студенті атандым. Міне, сол сияқты тізіп айтарлықтай жақсы естеліктер баршылық. Сол сияқты жылан жылы елге тыныштық, ырыс, бақыт сыйласын дегім келеді. Барлығымыз аман-есен болып бір қуаныштан екіншісіне жете берейік! Ата-анамның үмітін ақтап, болашақта елімнің дамуна өз үлесімді қосуға осы жыл ғажайып баспалдақтар сыйласа екен де арманым бар!»

Міне, шымкенттік жастар жылан жылымен қауышуға дайын! Жастолқын осылайша ерекше екпінмен, мерекелік көңіл күймен жаңа жылдың жаңа тосын сыйларын күтетінін де жасырмады. Ендеше, ниеттері қабыл болғай!