Қазақтың әйгілі спортшы қызы Әлия Юсупованың 12 желтоқсан 2012 жылы ұлды болғанын айтып, сүйінші сұраған болатынбыз. Қол аяғын бауырына жинап алған Әлия ұлымен бүгін перзентханадан шықты.
Әлия мен жұбайы Нұржан Әлтаевтардың отбасында Әмина атты қыз бар еді. Ол қазір 2 жаста.
Салмағы 3,5 келі, бойы 51 см торсықтай ұлдың есімін ата-анасы Нұрәлі деп атапты.
Бір қызығы, осыдан үш жыл бұрын, 2009 жылдың 12-желтоқсанында Әлия мен Нұржан шаңырақ көтерген болатын.
Біз қуанышты ата-аналарды құттықтап, сәбидің бауы берік болсын дейміз!