Бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев желтоқсанның 27-сін аза тұту күні деп жариялады. Бұл — Қазақстанда 2012 жылы жарияланған екінші қаралы күн.
ҰҚК шекара қызметінде төтенше оқиғалардың жиілеп кеткендігі белгілі. Осыған орай ҰҚК-нің жоғары шенді шенеуніктерінің отставкасы туралы сауал қойылған болатын брифингте. Бұл сұраққа Әбіқаев: «Қандай отставка?» деп таңырқай жауап берді.
Брифингте Нұртай Әбіқаев ҰҚК шекара қызметіндегі қайғылы оқиғалардың өзінің де қабырғасына бататынын, «өздерінің де мұны қайғы ретінде қабылдайтындарын» айтты.