Шымкенттіктер өртте қаза болған орманшылардың отбасыларына көңіл айтты

58

Бүгін Жалпыұлттық аза тұту күні шымкенттіктер Абай облысындағы орын алған өртте қаза болғандардың отбасына, туыстарына  көңіл айтты.

Шерім Асылбеков, зейнеткер: «Қайғыларына ортақпыз. Оларға тез арада материалдық көмек көрсету керек. Осыған дейін Арыс қаласында, Жамбылда орын алған жағдайда   барлығымыз бірігіп, қолдау көрсеттік. Қазір осы көмекті Абай облысында ерлік көрсеткен бауырларымыздың отбасыларына  көрсетуіміз  керек. Қазақ емеспіз бе, қуаныш болсын, қайғыда да бірге болуымыз керек».

 

Лидия Беликасова, зейнеткер: «Қаза болғандардың отбасыларына, туған-туыстарына көңіл айтамыз, қайғыларына ортақпыз. Көбісінің балалары асыраушысыз қалды, біреулері балаларынан айырылды. Барлығы біздің Үкіметтің қалай жұмыс істегеніне  байланысты. Бұл ең  маңызды. Егерде олар тез әрекеттенгенде барлығы дұрыс болатын еді. Мұндай қайғылы оқиға орын алмас еді».

Людмила Килимник, Шымкент қаласының тұрғыны: «Отбасылар асыраушысыз қалды, балалар әкелерінен айырылды. Телеарнадан қаза болған әйелді көрсетті. Қаншама  тағдыр. Көбісі жастар, аянышты. Менің ойымша, көмек  көрсету қажет. Барлығымыз қала, Түркістан облысы болып, әрекет жасауымыз керек. Тез арада!».