Ақсай-Қарабастау каналынан қауіп сейілді

257
Ақсай-Қарабастау каналы
Ақсай-Қарабастау каналы
Ақсай-Қарабастау каналы

Ақсай- Қарабастау каналынан қауіп жоқ. Сайрам ауданының коммуналдық меншігінен Шымкент қаласына өткен канал биылғы көктемдегі топан суда өз міндетін тиісті деңгейде атқара алмай, Забадам Құрсай елді мекендеріндегі бірқатар үйлерді су басқан болатын.

Осығын байланысты каналдың жұмыс істеу қабілетін жақсарту шаралары қолғаалынды. Жобаға сәйкес арықтың №84 орта мектептің тұсындағы арнасының бір шақырым жері арнайы темір-бетон блоктарымен қапталды. Негізгі су ретеу құрылымы шлюз қайта қалпына келтірілді.

Жауын- шашын кезінде сай салада жиналатын суды шығынсыз айдау ескеріліп екі жерден қосымша қашыртқы арығы салынды. 3 шақырымы механикалық 5 шақырымы қолымен тазартылды.

Осы темір бетонмен қапталған жердегі тасқын кезінде су шайған бірнеше көпір жаңартылды және су тасқыны кезінде зақамдалған балабақшаға өтемақы төленіпті. Ол үшін бала бақша меңгерушісі аудан қала әкімдеріне бірнеше мәрте барып жүріп өзінің өтінішін қанағатандыруға қол жеткізге алды.

Ақсай- Қарабастау каналынан бөлек су тасқынынан қауіп бар деген қаладағы барлық қашыртқы арықтар мен каналдардың су өткізу қуаттылығы артырылды. Бір ғана Абай ауданы бойынша 5 шақырым каналдың көзі ашылды. Облыстық бюджетен қаржа бөлінді. Біткен іс Тәуелсіздік күніне орайластырылып пайдалануға тапсырылды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=e8Mj3hE2QVA[/youtube]